26.01.2023
23:10
1310
Рудныйда 24 көпқабатты үй жылусыз қалды

Рудныйда 24 көпқабатты үй жылусыз қалды

Қостанай облысы Рудный қаласында жылу трассасы жарылып, 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалды, деп хабарлайды El.kz  қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, шаһардағы Горняков көшесінде диаметрі 530 мм жылу трассасы істен шыққан. Салдарынан 24 көп қабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлғаға тиесілі ғимараттардан жылу сөндірілді.

Құбырда апат болған жер анықталды. Олқылықтарды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.