24.12.2024
01:35
9981
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті

Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті

67 жастағы әнші Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-да салынған видеода әртістің өзінің ролигін көріп отырғанын байқауға болады. Тек кадрда біраз жыл бұрынғы бейне жүріп жатыр.

Қайта келмес өткен күнге сағыныш… - деп жазды Халық әртісі.

Ал пікір білдірушілер әншіге қолдау көрсетіп, оның жыл санап ажарлана түскенін жазуда.

«Біздің Роза Қуанышқызы, біз сізді жақсы көреміз», «Керемет ән. Дауысы ерекше», «Біздің мақтанышымыз», - деп жазған көпшілік.