Розақұл Халмуратов: Біздің басты құндылығымыз – бірлік

20 Наурыз 2019, 11:07 2389

1991  жылғы 1 желтоқсанда  тұңғыш  рет  Президент болып  сайланған Елбасымыз Н. Назарбаев бұрын соңды болып   көрмеген  мемлекет құрып  қана  қоймай, өткен жылдар  ішінде  елімізді өзге  мемлекеттер жүз жəне жүзден астам жыл жете алмаған биік шыңдарға жеткізді. Мұндай тарихи басты жетістік Н. Назарбаевтың  басқаруынсыз мүмкін болмас еді. Ол кемел даму мен тұрақтылықты бейбітшілік пен келісім, арқалаған гүлдену мен табысқа  қол  жеткізумен бір қатарда демократиялық басқару негізін  қалады.

Елбасы қысқа мерзім  ішінде 150-ден астам елдерімен  дипломатиялық  қатынас  орнатты.  Өткен  жылдар Елбасы үшін де,  ел  халқы  үшін де  оңай  болмады, әріне.  Өйткені, 1990-жылдардың  басында   бұрынғы  Кеңес  Одағы   тұсындағы   жүйелер  мен  байланыстар  үзіліп,  ескі   техно-логиямен   өнім   шығаратын   зауыттар  тоқтап   қалды.  Елде  жұмыссыздық белең  алып,  айлап   еңбекақы,  жылдап   зейнетақы   берілмеді.  Электр энергиясы жетіспей,  жарық   өшіп жатты.  Сол   кездегі  қиын  кезеңде үлкен   жауапкершілікті  қолына алып,  барлық  проблемаларымен жекедара  қалған  Мемлекет  басшысы  Н. Назарбаев елді   бүкіл қиындықтан алып шықты. Ол, ең  ал дымен, ішкі экономикалық жағдайды дұрыстап алуға аса мəн берді.

Нəтижесінде, саяси-экономикалық реформалар сəтті жүзеге асырылды. Біз заманын таныған, болашақты бол-жаған ірі саясаткер Елбасымыздың арқасында үлкен қиындықтарды жеңе білдік.

Біздің еліміз Н. Назарбаевтың, ол құрған Қазақстан Халқы Ассамблеясы жетекшілігімен елдегі барлық азаматтарға, олардың ұлтына қарамастан,  қолайлы жағдай  жасап отырған жаңа тексерілген жəне кешенді ұлтаралық саясатты  таңдады. Нәтіжесінде бірліктің қазақстандық жобасы мен ұлтаралық келісім орнады жəне өзінің тиімділігін танытты деп батыл айтуға болады.

Н. Назарбаевтың жүзеге асқан идеялары мен жобалары əлемде жоғары бағалануда. Бұл оның көрегендігін дəлелдейді.

Біздің басты құндылығымыз –  бірлік.  Ел бірлігі – ең асыл қасиет - деген еді Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясы съезінде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басшылығында «Қазақстан-2050» Стратегиясы жасалды.  Бұл   біздің   елімізді өндірісі ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосады.

                                   Розақұл ХАЛМУРАТОВ,

                                   қоғам қайраткері

Бөлісу: