22.07.2024
07:25
1059
Рой Джонс Фьюри мен Джошуа айқасында кім жеңетінін айтты

Рой Джонс Фьюри мен Джошуа айқасында кім жеңетінін айтты

Танымал американдық боксшы кіші Рой Джонс британиялықтар 2025 жылы өтуі мүмкін Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Меніңше, Дюбуамен өтетін айқас қорытындысында Джошуа жеңімпаз атанады, ал Усик Фьюриді тағы жеңеді, сондықтан британиялықтар Джошуаның титулы үшін AJ мен Фьюри айқасын көруі әбден мүмкін. Мен үшін бұл шынымен де тең жекпе-жек болады, - деді Рой Джонс Talksport.com-ға берген сұхбатында.