Роналдудың сәтсіз дриблингі көпшілікті алаңдатып қойды

26 Сәуір 2023, 14:46 568

«Әл-Вахда» - «Әл-Наср» расындағы матч кезінде стадионның трибунасынан түсірілген видео TikTok-та кеңінен таралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду қатысқан бұл ойында «Әл-Наср» 0:1 есебімен жеңіліп, клуб Сауд Арабиясы кубогынан шығып қалды. Роналду барын салып баққанымен, гол соғуға шамасы жетпеді.

Ал оның сәтсіз дриблингі желіде кеңінен талқыланып жатыр. Шеберлігін көрсетемін деген Роналду құлап қала жаздады.

@laneksa

Ronaldo is getting old but he will come back stronger 💪🏼

♬ LET HIM COOK - Dylan Turner

Бұған дейін португалиялық футболшының ерсі қылығы үшін Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін екенін хабарлағанбыз

Одан қалды жұлдызды ойыншының клубтың бас бапкерінің жұмыстан босатылуына ықпал еткенін де жазғанбыз

Мадина Асылбекова
Бөлісу: