Роналду Мессидің жетістігін қайталады

10 Тамыз 2023, 17:01 775

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду төртінші матч қатарынан гол соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Әл-Наср» клубының 38 жастағы футболшысы Ирактың «Әл-Шорта» клубымен ойында мергендік танытты. Араб чемпиондарының кубогында Роналду 75-минутта пенальтиден гол соқты. Бұл матчта соғылған жалғыз гол болса да, Сауд Арабиясының командасын келесі кезеңге шығаруға жеткілікті болды.

Осылайша «Әл-Наср» финалға шықса, Роналду қатарынан төртінші матчта гол соқты. Бұған дейін ол «Радж», «Замалек» мен «Монастирдің» қақпаларынан саңылау тапқан болатын.

Жеңістен соң Криштиану әлеуметтік желіде жазба қалдырды:

Финалға өттік! Команданың керемет жұмысы! Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше алғыс білдіремін! – деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: