06.06.2023
13:34
1036
Роналду. Бензема. Келесі Модрич. Хорватиялық ойыншы "Реалдан" кетеді

Роналду. Бензема. Келесі Модрич. Хорватиялық ойыншы "Реалдан" кетеді

"Реал Мадрид" клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич командадан кетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Diario Sport басылымының хабарлауынша, хорватиялық футболшы Сауд Арабиясының клубымен келісімшартқа отырады. Келісім-шарт үш жылға жасалады.

Сондай-ақ, футболшы Хорватия құрамасына ойнауға ниетті екенін және Еуро-2024 турнирінде ұлттық құрамасының намысын қорғағысын келетінін айтты.

Айта кетейік, Модричтің "Реалмен" келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталады.