Роман Скляр: Тұрғындарды эвакуациялауға екі күн бар

9 Сәуір, 14:15 612

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавлда сумен жабдықтауды және су тартуды үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының Заречный кентіндегі су тасқыны жағдайын зерттей келе, премьер-министрдің бірінші орынбасары Петропавл қаласының әкімдігіне және құтқару қызметтеріне тұрғындарды су басу қаупі төнген аймақтан эвакуациялауды бастауды тапсырды. Склярдың айтуынша, эвакуациялауға екі күн бар.

Роман Скляр эвакуациядан бас тартқан тұрғындарға су тасқыны қаупінің ауырлығын түсіндіруге және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін отбасыларды саяжайдан көшіруді бақылауға алуға тапсырма берді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: