Музыка – хобби емес, миссия! Скрипкада 26 жылдан бері ойнап, әлемге қазақ мәдениетін танытып жүрген Нұрдана Эрнсттің әсерлі сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. Нұрдана Ресейде білім алып, кейін Швейцарияға не себепті қоныс аударды? Өз шығармашылығы арқылы Қазақстанды танытып жүрген ол «Томирис» әнін кімге арнады? Қазақ екенін мақтанышпен айтып жүретін кейіпкеріміз алғашқы каверлерден авторлық туындыларға қалай жетті? Осы және өзге де сұрақтарға Нұрдана ашық әрі шынайы жауап береді.