Парижде 2023 жылғы Ролан Гаррос турнирінің (Франция ашық чемпионаты) жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды.
Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де Рыбакина сияқты, қарсыласы кейін анықталады.
Негізгі турнирге шығуға әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 165-сатыдағы бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі.