Танымал әнші созылмалы аурудан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдегі шоқтығы биік әншілердің бірі Тина Тернёр 83 жасында көз жұмды. Бұл ақпаратты оның баспасөз хатшысы растады.
Рок-н-ролл ханшайымы Тина Тернёр бүгін 83 жасында Швейцарияның Цюрих қаласына жақын жерде орналасқан Кюснахттағы өз үйінде созылмалы аурудан қайтыс болды. Онымен бірге әлем музыка аңызы мен үлгілі тұлғаны жоғалтты, - делінген әншінің баспасөз хатшысы таратқан хабарламада.
Тина Тёрнер (дүниеге келгендегі есімі – Анна Мэй Буллок) – америкалық және швейцариялық әнші, ән авторы, биші әрі актриса. Сегіз «Грэмми» сыйлығының иегері, «Рок-н-ролл ханшамайы» атағының иесі. Rolling Stone журналы оны біздің заманымыздың ең беделді әншілерінің бірі деп таныған.