07.04.2026
13:00
161

«Робот төреші керек»: қазақстандықтар Азия чемпионатындағы нәтижеге наразы

Ұлан-Батырда  Азия чемпионатының жартылай финалдағы жекпе-жектері өтіп жатыр. Бүгін ел атынан алты боксшы өнер көрсетеді. Соның ішінде төртеуі шаршы-алаңға шығып, төртеуі финалға жолдама алды. 

Әзірге алты боксшы финалға өтті

 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әйгерім Сәттібаева чемпионаттың финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда   Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады. Одан кейін жанкүйер 75 келіде Сабыржан Аққалықов пен моңғол бокшсысы Далай Ганзоригтің жекпе-жегін тамашалады. Сенімді жұдырықтасқан Аққалықов алғашқы раундтың өзінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Ары қарай басымдықты сақтап. екінші раундта Ганзориг тағы да нокдаунға түсіп, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Отандасымыз финалда өзбекстандық Джавохир Аюдурахимовпен қолғап түйістіреді. 

Иә, 85 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай қарсыласынан бір бас жоғары екенін дәлелдеп, финалға жолама алды. Жартылай финалда моңғол спортшысы Бариахан Доржбен кездесіп, бірінші раундта оның нокдаунға жіберді. Екінші, үшінші раундта та үстемдік құрып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Оның бауыры Айбек Оралбай да Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға шақты. Жартылай финалда Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты сенімді түрде жеңді.Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен басым түсті. 

«Махмұд пен Әйгерім марапаттау рәсіміне шықпасын»

Дегенмен жанкүйер турнирдегі төрешілер берген бағаға разы емес. Кеше 55 келі салмақта бокстасқан Махмұд Сабырханның, бүгін 48 келі салмақта бой көрсеткен Әйгерім Сәттібаеваның төрешілер шешімімен жеңілгеніне сын көзбен қарайды. Instagram, Tiktok, Threads-та ойын ашық жазып, «қосылғыштың орнын ауыстырғанмен, қосындының мәні өзгермегенін» алға тартты.  

Моңғолия мен Үндістан сатып алды осы Азия чемпионатын сатып алды. Төрешілер робот болу керек. Адам баласына мүлдем сенім жоқ. Ринг қожайыны дейтін әңгімені қою керек. Мұндай чемпионаттарды нейтралды мемлекетте өткізу керек, – дейді желі қолданушысы Олжас Саубетов.

Махмұд пен Әйгерім марапаттау рәсіміне шықпасын. Сол жерде жүрген қазақ қаншама? Біреуі барып, бір ауыз ескерту беріп, болмаса кетіп қалу керек. Таза жеңісті бұра салды, – деп жазды  Талғатұлы. 

1-раунд 3-2 дегенмен мүлде келіспеймін. Төреші 3-4 ашық нокдаунды бермеді. 5-0 және әр төрешіде 10-8 болу керек еді. Моңғол қызы 2 төрешіден ұпай алатындай дым істемеді. 2 раунд моңғол қызы лас бокстасты. Ашық болмаса да біздің қыздың жақсы соққысына нокдаун беретін жері бар еді. 0-5 деген ұят. Коста-Рика мен Египет төрешілері бұрыннан қазаққа қарсы ұпай беріп келген. Екі раундта 18-20 беріпті ұят-ай... 3 раунд моңғол қызы лас бокстасты, әрекеттері ұнамады. Әйгерім алу кеерк ежі 5-0. Бірақ бізге қарсы 0-5 дегені түсініксіз екен. Не істейміз енді...Жарыс қожайынынан бір бас жоғары болмасаң осы ғой... Осы уақытқа дейін төрешілер туралы ештеңе деген жоқпын. Әйгерімге обал жасады, – деп жазды Әлібек Қалижан. 

Әйгерім бірінші раундта барын салды. Екінші және үшінші раундта шаршап қалды. Қарсыласы не дегенмен жас қыз-ау, – деді  Е. Мәдениетова

IBA бұрынғы судьяларының бәрі World Boxing келген екен. Баяғы жартас, сол жартас. Өкінішті, дым өзгеріс жоқ, позор, – деді желі қолданушысы.