13.09.2025
09:20
617
Робот-құтқарушы: Жарылыс қаупі бар аумаққа енді робот барады

Робот-құтқарушы: Жарылыс қаупі бар аумаққа енді робот барады

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамымен практикалық сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаттығудың басты ерекшелігі – өрт сөндіруге арналған заманауи робот-құтқарушыны қолдану болды.

Сабақ барысында мамандар роботтың жұмыс істеу тетіктерін, басқару қағидаттарын түсіндіріп, оның нақты мүмкіндіктерін көрсетті. Әсіресе қашықтықтан басқару пульті арқылы лафеттік оқпаннан су беру тәсіліне баса назар аударылды.

Бұл робот төтенше жағдайларда адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталған. Ол жарылыс қаупі бар немесе зиянды заттары шоғырланған аумақтарда тиімді қолданылады. Роботтың басты артықшылығы – өрт сөндіру жұмыстарын қауіпсіз қашықтықтан жүргізе отырып, мамандардың өмірін қорғау мүмкіндігі.