02.05.2023
07:18
1227
Роберто Карлос Роналду мен Мессидің қайсысы мықты екенін айтты

Роберто Карлос Роналду мен Мессидің қайсысы мықты екенін айтты

«Реал Мадрид» және Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роберто Карлос португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси арасында кімді мықты санайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйгілі бразилиялық қорғаушыға Роналдудың ойын өрнегі көбірек ұнайды.

Роналду мен Мессидің мансабында көптеген рекорд орнатылды, екеуінің талай марапатқа қол жеткізген талантты әрі тәжірибелі спортшы екенін жоққа шығаруға болмайды, бірақ мені Криштиану жаттығуға деген көзқарасымен және сүйікті ісіне деген адалдығымен таңғалдырады, - деп түсіндірді ол.

Роберто Карлос 2002 жылы Бразилия құрамасында әлем чемпионы атанды. Ол «Палмейрас», «Интер», «Реал», «Фенербахче», «Анжи» және тағы басқа клубтарда ойнады.