Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жарқын жеңістерге қол жеткізіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
97 келі салмақта күресетін 21 жастағы қазақ балуаны ширек финалда мықты әзербайжандық Магомедхан Магомедовты айқын басымдықпен ұтса, жартылай финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновтан (Бахрейн) кеткен есесін қайтарды. Белдесу 15:3 есебімен аяқталды.
Айтмұхан мен Тажудинов арасындағы кездесу турнирдің ең күтпеген нәтижелерінің біріне айналды.
Алғашқы минуттарда Ризабек 0:3 есебімен ұтылып тұрғанымен, бірінші кезең соңында есепті 4:3 етіп өз пайдасына аударды.
Екінші кезеңде қазақстандық балуан толықтай басымдық танытып, бірнеше нәтижелі әдіс жасап, жекпе-жекті 15:3 есебімен аяқтады.
Бұл жеңіс ерекше маңызды, себебі Ризабек бұған дейін Тажудиновпен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңілген еді. Олар 2024 жылғы Азия чемпионатында және «Яшар Догу» халықаралық турнирінде жолыққан болатын. Сонымен қатар Тажудинов Париж Олимпиадасында қазақстандық Әлішер Ерғалиды жарыстан шығарған болатын.
Ризабек Айтмұханның жетістіктері
Ахмед Тажудинов – Париж Олимпиадасының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2025 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ол Дағыстанда дүниеге келіп, кейін Бахрейн құрамасына ауысқан.
Айтмұхан Исламиада чемпионы атағы үшін Иранның тәжірибелі балуаны Амирали Азарпирамен белдеседі. Бұл салмақ дәрежесінде әлемдік деңгейдегі мықтылар шоғырланғанын ескерсек, финал тартысты өтетіні сөзсіз.
Айтмұхан ширек финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовты да айқын басымдықпен жеңген болатын.