Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатына дайындығы туралы айтты

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатына дайындығы туралы айтты

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Хорватия астанасында қыркүйек айында өтетін дүниежүзілік біріншілікке дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Olympic.kz-ке берген сұхбатында танымал балуан биылғы маусымның өзі үшін оңай болмағанын атады. Бұған дейінгі ең басты додаларының бірі - Амманда өткен Азия чемпионатында отандасымыз ақтық сынға дейін жетіп, жапониялық Араш Ёшидаға жол берген болатын.

Дегенмен, бұл нәтиженің өз себебі бар. Ризабек құрлықтық біріншілікке дейін Алматыда өткен PWL-8 турниріне қатысып, жарақат алып қалған болатын. Соған қарамастан, күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Қазір бәрі ойдағыдай. Емдік шараларды өткізіп, жарақаттарымнан толықтай айығып шықтым. Өзімді тамаша сезінемін, қазір дайындық жұмыстарын жоспарға сай жүргізіп жатырмын. Бапкерлік құраммен бірге әрбір ұсақ-түйекке мән беріп, қарқынды жаттығу үстіндемін. Әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары деңгейде болмақ. Мысалы, менің салмағымда оннан аса мықты балуандар бар. Соның ішінде алтауы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сондықтан жеңіске жету өте қиын болғалы тұр", - деді балуан.