Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Жыл үздігі» конкурсында жеңімпаз атағын жеңіп алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол ASSYLTAS стипендиясының иегері атанып, 1,5 миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
Ризабек Айтмұхан жуырда 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасында «Спорттағы үздік серпін» аталымды жеңіп алды.
Оған қоса, Ризабекке Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясында пәтер сыйланды. Оның алдында Алматыда белгілі кәсіпкер Ерлан Қожасбай тұңғыш рет қазақ балуандары арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтап, Zeekr автокөлігін сыйға тартқан болатын.
Еске сала кетейіе, Ризабек Айтмұхан Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы тұңғыш рет бас жүлдені жеңіп алды.