28.10.2025
05:06
461
Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.