Ризабек Айтмұхан Қазақстан чемпионатының финалында Әлішер Ерғалиге есе жіберді

5 Ақпан, 22:45 1076

Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сынға түсіп, финалда жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.   

97 келіге дейінгі салмақтың финалдық белдесуінде Ризабек Айтмұхан мен Әлішер Ерғали белдескен болатын. 

Аса тартысты кездесуде 14:10 есебімен тәжірибелі балуан Әлішер жеңіске жетті. Осылайша, Ризабек әлем чемпионатынан кейін қатысқан алғашқы ресми жарысында алтын медальға қол жеткізе алмады. 

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол аталған турнирден соң олимпиадалық салмақ - 97 келіге ауысқан болатын. Қазақстан чемпионы атанған балуандар Бішкекте өтетін лицензиялық турнирге қатысады. 

Жалпы ел чемпионатының соңғы күніндегі нәтиже төмендегідей:

61кг

1. Асыл Айтақын (Алматы қаласы)

2. Өміржан Дастанбек (Алматы облысы)

3. Владимир Кудрин (Ақмола облысы)

3. Дәурен Әмірхан (Алматы облысы)

 

70 кг

1. Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы)

2. Қуаныш Дүйсенқұл (Алматы қаласы)

3. Олжас Олжақанов(ШҚО)

3. Досжан Әсетов (ШҚО)

 

 79 кг

1. Азамат Өміржанов (Астана)

2. Болат Сақаев (Атырау облысы)

3. Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)

3. Сыдық Қайыркелді (Ақмола облысы)

 

 97 кг

1. Әлішер Ерғали (Жамбылс облысы)

2. Ризабек Айтмұқан (Алматы қаласы)

3. Камил Куруглев

3. Бекзат Үркімбай

 

125 кг

1. Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы)

2. Абылай Совет (Алматы обласы)

3. Омар Эюов(Алматы облысы)

3. Талғат Жиентаев (Қостанай облысы)

Перизат Саденова
Бөлісу: