Ризабек Айтмұхан Әлем чемпионатының финалына шықты

26 Қазан, 23:19 353

Ризабек Айтмұхан (97 кг) 23 жасқа дейінгі күрестен 2024 жылғы Әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек 97 келіге дейінгі салмақта ресейлік Шамиль Гаджиевты 7:4 есебімен жеңді.
  
Ризабек Айтмұханның айтуынша, финалдағы қарсыласы ирандық Махди Марофамен алғаш рет белдеседі.

Финал 27 қазан күні өтеді. 

Зарина Арман
Бөлісу: