Астана қаласында «Rixos Khan Shatyr Residences» ғимаратында өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі оқиға орнынан фоторепортаж ұсынады.
Өрт ғимараттың екінші қабатында сағат 15:00 шамасында тұтанған. ТЖМ мәліметінше, 2 қабаттан 22 қабатқа дейін ғимараттың сыртқы жабыны өртенген. Өрттің алдын ала ауданы 180 шаршы метрді құраған.
12 адам эвакуцияланып, 2 адам құтқарылды.
Өрт сөндіру жұмыстарына 91 маман мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:06-да сөндірілді.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметкерлері және жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеді.
ТЖМ өрт толығымен сөндірілгенін және тұрғындар үшін қауіп төніп тұрған жоқ екенін мәлімдеді.