Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды

4 Қараша 2022, 02:21 1753

Құрлықтық чемпионат 25 қазан мен 4 қараша аралығында Үндістанда (Дели) өтіп жатыр

Қазақстанның қос шахматшысы Азия чемпионатында алтын мен күміс медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz.

Құрлықтық чемпионат 25 қазан мен 4 қараша аралығында Үндістанда (Дели) өтіп жатыр.

Ринат Жұмабаев жылдам және блиц шахмат бойынша Азия чемпионы атанды, ал Арыстанбек Оразаев күміс медальға ие болды.

Әйелдер арасындағы блиц шахмат турнирінде тағы бір отандасымыз - Ксения Балабаева үздік ондыққа ілінді, ол 7-орынға табан тіреді.

Классикалық шахматтан бас турнирде үздік бестікке тағы бір отандасымыз - Лия Құрманғалиева ілінді. Айта кетсек, Италияда өткен Әлем чемпионатында (20 жасқа дейін) Лия соңғы турда чемпион Говхар Бейдуллаеваны жеңіп, 6-орынға ие болды.

EL.KZ
Бөлісу: