Ринат Зайытовты полиция бөлімшесінде қалай қорқытқан?

22 Маусым 2023, 19:01 1651

Ринат Зайытов 2019 жылы президенттік сайлаудан соң көпшілік алдына шығып, жаңа партия құратынын айтқан болатын. Осыдан соң оны полиция алып кеткені белгілі. Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Мәжіліс депутаты полиция бөлімшесінде не болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айналамда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері болды. Ішкі істер департаментінің ішін бес айналдық, үйге екі рет барып келдік. Біресе ана, біресе мына кабинетке кірдік. Бұл туралы журналист Ирина Советжанға толық айтып бергенмін. Әңгіменің түйіні – «Мұхтар Әблязов мені арандатқанын айтып видео түсір» деді. «Ринат, халыққа айт, үйге қайтсын» деді. «Жігіттер, халық ақымақ емес қой» дедім. Үй жақта видео түсірмекші болды, үйіме кілт жоқ деп кіргізбедім. Себебі телефон да, кілт те жоқ еді. Негізі таяқ жеуге немесе түрмеде отыруға дайындалып барғанмын.

Тілшінің «сізді ұрды ма?» деген сауалына Зайытов былай деді:

Жоқ, біреуі келіп қорқытуы мүмкін, біреуі алдауы мүмкін. Бірақ ұрған жоқ.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Парламент қабырғасында жүріп алатын 800 мың теңге айлығы отбасын асырауға жетпейтінін айтты.

Берік Арманов
Бөлісу: