01.08.2022
16:15
1924
Рим Папасы Қазақстанға келеді

Рим Папасы Қазақстанға келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рим Папасы сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.