Рим папасы Қазақстанды зайырлы, дамыған елдердің бірі деп бағалады

14 Қыркүйек 2022, 10:58 1765

Сондай-ақ ол Қазақстанның тарихына шолу жасап өтті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Рим папасы Франциск барша делегация өкілдеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz.

Съездің ашылу салтанатында Рим папасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысын білдірді.

«Барлығымызды біріктіріп отырған Қазақстандағы съездің маңызы зор. Себебі, әлемдік үлкен мәселелерді талқылауға мүмкіндік артады. Сондай-ақ пандемиядан кейінгі бүгінгі жиын барша азамат үшін керек деп білемін. Бұл шара бейбітшілікке жетелейтін бастама. Әлем халықтарының бірге бейбіт өмір сүруімізге талпындыратын жол», - деді Рим папасы.

Сондай-ақ ол Қазақстанның тарихына шолу жасап өтті.

«Қазақстанның тарихында бәрімізге белгілі Ұлы Жібек жолының іздері әлі де бар. Онда көптеген маңызды бастамалар мен жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар көптеген наным-сенімдердің бастауы орын алды. Сондықтан Қазақстан зайырлы, кең-байтақ, дамыған елдердің бірі. Осындай мекенде бейбіт өмір сүру маңызды», - деді Рим папасы.


Миражан Махан
Бөлісу: