Рим папасы Абай даналығы туралы айтты

14 Қыркүйек 2022, 11:05 1607

Абай Құнанбаев туралы білмейтін адам кемде-кем.

Рим папасы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Қазақтың бас ақын-жазушысы Абай Құнанбайев туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.  

«Қазақ елінің көрнекті ақыны, композиторы Абай Құнанбаев туралы білмейтін адам кемде-кем. Оның туындылары да қазақтың бас аспабы домбырамен байланысты болып келеді. Діни ұғымдардың арқасында өз халқының рухын көтеріп, діни түсініктерді жеткізуші бірден бір тұлға», - деді Рим папасы. 

Сондай-ақ ол Абай әдеміліктің, өркениеттің, мәдениеттің түсініктерін діни тұрғысында атап өткен жандардың бірі екенін айты. 

«Біз өзіміздің қалауымызды қанағаттандыру үшін өмір сүрмейміз. Біз өмір бойы өзімізді және аспан астындағы сұранысымызды кеңейтеміз. Бізге көптеген сұрақтарға жауап іздеу керек. Бізге рухани байлық пен өркениетті кеңейту қажет. Абай айтқандай жан тіршілігін рухымызбен ұштастыру керек», - деді Рим папасы.

Миражан Махан
Бөлісу: