Риддерлік полицейлер есірткі сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері есірткі сақтаған 29 жастағы күдіктіні ұстаған.
Оның үйі мен аулалық құрылыстарын жедел тінту кезінде полицейлер өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар пластмасса бөтелкенің сынығын тапқан.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары полимер пакетін, екі полимер түйінін және осыған ұқсас заты бар металл пластинаны тауып, сараптамаға беру үшін барлық заттарды алып қойған. Зерттеу ұсталған азаматтан табылған заттардың марихуана екенін көрсеткен. Есірткілердің жалпы салмағы 121,60 грамды құрады.
Күдікті марихуананы үйде кішкентай рюкзакта сақтаған. Оның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін дайындаған. Қасқөйге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.