29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыРиддер 10 жастағы жоғалған қыз табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның дерегінше, 11 тамыз күні сағат 21:56 шамасында ШҚО ПД Риддер қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны келіп, оның 10 жасар қызы сағат 18:00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын хабарлаған.
Іздеу шаралары барысында кәмелетке толмаған бала таңертең табылып, туыстарына қайтарылды.
Белгілі болғандай, қыз серуендеуге шешім қабылдап, бұл туралы ата-анасына айтпаған. Оны табуға отбасының танысы болған қырағы қала тұрғыны көмектесті. Әйел адам қызды өз үйіне шақырып, содан кейін туыстарына оның орналасқан жері туралы хабарлаған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек