14.08.2023
10:00
1288
Риддерде 10 жастағы жоғалған қыз табылды

Риддерде 10 жастағы жоғалған қыз табылды

Риддер 10 жастағы жоғалған қыз табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның дерегінше, 11 тамыз күні сағат 21:56 шамасында ШҚО ПД Риддер қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны келіп, оның 10 жасар қызы сағат 18:00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын хабарлаған.

Іздеу шаралары барысында кәмелетке толмаған бала таңертең табылып, туыстарына қайтарылды.

Белгілі болғандай, қыз серуендеуге шешім қабылдап, бұл туралы ата-анасына айтпаған. Оны табуға отбасының танысы болған қырағы қала тұрғыны көмектесті. Әйел адам қызды өз үйіне шақырып, содан кейін туыстарына оның орналасқан жері туралы хабарлаған.