Рейстері ең көп кешігетін әуежайлар

11 Қыркүйек 2022, 04:46 1083

Еуропалық әуежайлар (Франкфурт, Лондон және Париж) мамыр соңы мен қыркүйектің басында осындай жағдайға душар болған. 

Рейстердің қозғалысын бақылайтын FlightAware сайты осы жазда әлем бойынша кідірістері мен ұшпай қалған рейстер бойынша ең нашар әуежайларды атыды, - деп хабарлайды EL.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Сонымен ұшақтары ең көп кешігетін әуежайлар тізімі мынадай:

Лестер Пирсон атындағы Торонто әуежайы: 51,9 пайыз.
Пьер Эллиот Трюдо (Монреаль) атындағы әуежай: 47,8 пайыз.
Франкфурт әуежайы: 44,5 пайыз.
Портел атындағы Лиссабона әуежайы: 43 пайыз.
Гатвик атындағы лондондық әуежай: 42 пайыз.
Шарль-де-Голль атындағы Париж әуежайы: 41,6 пайыз.
Мюнхен әуежайы: 40,1 пайыз.
Манчестер әуежайы: 39 пайыз.
Афина әуежайы: 38,5 пайыз.
Ванкувер әуежайы: 37,8 пайыз.
 
Рейстердің орындалмауы осы жазда Қытайда көп болған. 

Сайт мәліметінше, саяхат кезіндегі шектеулер мен кенеттен бұғатталу шаралары Қытайда жолаушылар тасымалын едәуір тежеген, ал COVID-19 болдырмаудың қатаң саясаты пандемия басталғалы халықаралық рейстер тіпті азайып кеткен. 

Рейстері орындалмаған әуежайлар тізімі мынадай:

Пудун әуежайы (Шанхай, Қытай): 29,8 пайыз.
Сиань Сяньян әуежайы (Қытай): 15,6 пайыз.
Бейжің Елордалық әуежайы (Қытай): 14,7 пайыз.
Нанкин Лукоу әуежайы (Қытай): 14,4 пайыз.
Чэнду Тяньфу әуежайы (Қытай): 9,5 пайыз.
Шэньчжэнь-Баоань әуежайы (Қытай): 9,1 пайыз.
Сукарно-Хатта әуежайы (Индонезия): 8,3 пайыз.
Ухань Тяньхэ әуежайы (Қытай): 8,2 пайыз.
Ньюарк Либерти әуежайы  (АҚШ): 6,7 пайыз.
Ла Гуардиа әуежайы (АҚШ): 6,7 пайыз.

Еуропалық әуежайлар (Франкфурт, Лондон және Париж) мамыр соңы мен қыркүйектің басында осындай жағдайға душар болған. 

EL.KZ
Бөлісу: