Республикалық бюджеттің әлеуметтік бағыты айқын – Мәулен Әшімбаев

16 Наурыз 2023, 12:14 738

«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заң Сенаттың жалпы отырысында қабылданды.

«Бұл бағытта мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін бюджетке бірқатар түзетулер енгізілді. Соған байланысты қаражат өңірлерді, аграрлық секторды, энергетиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты басым міндеттерге бағытталады. Жалпы республикалық бюджеттің әлеуметтік бағыты айқын.  Осы ретте мемлекеттік шығындардың жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалатынын атап өткен жөн», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша ауылдық жерлерде, денсаулық сақтауды жаңғыртуға, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және өңірлерде мәдениет және спорт нысандарын салуға баса мән беріледі.

«Азаматтарға оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар артты. Соның барлығына нақтыланған бюджетте қосымша 300 млрд теңге қарастырылды», деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар өңірлердің инфрақұрылымын дамыту үшін бұрын бөлінген қаражатқа қосымша 240 млрд теңге бөлініпті. Бұл ең алдымен ауылдық аумақтарды дамыту, елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету және қала маңын өркендету мәселелерін қамтиды.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: