Алматы облысы Қаратал ауданына қарасты Бастөбе ауылында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде Алғыс айту күніне орай митинг өтті.
Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», этномәдени бірлестіктер қатысты.
Митингте Қаратал ауданының әкімі Рауан Рақымбеков сөз сөйлеп, өткенге көз жүгіртті.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай сөзінде Алматы облысы бойынша Алғыс айту күніне арналған әртүрлі форматта 991 іс шара ұйымдастырылып, оған 116 180 адам қатысқанын айтты. Алғыс айту күні жылдаң жылға ауқымы мен көлемін кеңейтіп келе жатқан барша Қазақстан халқына үлкен мейрам екенін тілге тиек етіп, жиналған қайымды мерекемен құттықтады.
Айта кетсек, республика бойынша «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ең алғаш болып дәл осы Қаратал ауданында орнатылды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: