Республика күніне орай Астанада 1 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

22 Қазан, 20:32 378

Астананың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, концерттік бағдарламалар мына орындарда өтеді:

- Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы;
- Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы;
- Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі;
- Нұра ауданы – орталық саябақ;
- Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.

Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.

Айта кетсек, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылатын болады.

Зарина Арман
Бөлісу: