Республика күні: Қазақстанға келген қонақтарды бірінші болып шекарашылар құттықтады

25 Қазан 2022, 00:33 2452

Жолаушыларға танымал брендке айналған қазақстандық шоколадты мерекелік қорапшада ұсынды.

24 қазанда сағат 20:00 бастап шекарашылар алғаш болып шетелдік қонақтарды құттықтай бастады, деп хабарлайды El.kz.

Алматы мен Астана қалаларындағы халықаралық әуежайларда шекарашылар келіп жатқан жолаушыларға танымал брендке айналған қазақстандық шоколадты мерекелік қорапшада ұсынды.

Қорапшада құттықтау сөздермен қатар ұлттық мереке туралы мәлімет берілген және шекарадан өту сұрақтары бойынша кеңес алу үшін байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілген.

Қонақтар шекара бақылауының қызметіне жоғары бағасын берді.

Сонымен қатар өткізу пункттерінде жолаушылар үшін бақылаушылардың жұмысын бағалауға арналған штрихкодтар орналастырылды.

Жолаушылардың тексеру процедурасын жылдамдатуға арналған «E-gate» программалық-аппараттық кешені енгізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Бөлісу: