17.10.2023
17:46
13652
Республика күні қазақстандықтар қанша күн демалады

Республика күні қазақстандықтар қанша күн демалады

Қазақстандықтар қазан айында тойланатын Республика күніне байланысты қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, өткен жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына 25 қазан - ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізілген. Биыл айтулы күн сәрсенбіге түсіп тұр.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар бір күн демалады (25 қазан), одан кейін екі жұмыс күні (26, 27 қазан), одан кейін демалыс (28, 29 қазан) болады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері қазанның 25-і мен 29-ы болады.