25 қазан – Республика күні қарсаңында еліміздің перзентханаларында 709 сәби өмірге келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бір тәулік ішінде 704 ана босанып, олардың 359-ы ұл, 350-і қыз бала туған. Жаңа туған сәбилердің арасында 5 егіз бар екені белгілі болды.
Министрлік мереке күні өмірге келген сәбилердің амандығына үлес қосқан дәрігерлерге, акушерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, бұл қуанышты күнді елдің болашағына деген үміттің нышаны ретінде атап өтті.