Республика күні: Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтеді

22 Қазан, 16:18 360

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Республика күніне арналған классикалық музыка кеші өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеште өнер сүйер қауым үшін Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», профессор, әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева өнер көрсетіп, маэстро Гудни Эмильсон дирижерлік етеді.

Концерт бағдарламасында:

Людвиг ван Бетховен  «Кориолан» увертюрасы

П. Масканьи  «Село намысы» операсынан интермеццо

Вольфганг Амадей Моцарт «Фигароның үйлену тойы» операсынан увертюра

Тлес Қажғалиев «Концертштюк»

Антонин Дворжак N1 славян биі, N8 славян биі

Феликс Мендельсон Бартольди оp. 64 скрипка мен оркестрге арналған концерті

Маэстро Гудни Эмильсон – атақты дирижер, Троссинген мемлекеттік музыка университетінің магистрі. Оның Серджиу Челибидаке мен Джон Элиот Гардинер сынды әлемдік деңгейдегі дирижерлермен бірге сәтті жобалар жүзеге асырған. Гудни Эмильсон Герберт фон Караян, Рихард Вагнер атындағы және Масарик өнер академиясының бірқатар беделді марапаттарына ие.

Айман Мұсақожаева – көрнекті скрипкашы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері. Айман Мұсахаджаеваның есімі «XX ғасырдың 2000 көрнекті музыканты» атты IBC-тің әлемдік құрметті адамдар тізіміне және Кембридж университетінің «XX ғасырдың көрнекті музыканттары» энциклопедиялық сөздігіне (2002) енген. Айман Қожабекқызы Миша Майский, Бруно Канино, Виктор Третьяков, Эдуард Грах, Павел Гилилов, Владимир Спиваков, Сергей Ралдугин, Кристиан Шульц, Гудни Эмильсон сияқты танымал музыканттармен бірге өнер көрсеткен.

1991 жылы Айман Мұсақожаеваның бастамасымен құрылған Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, жоғары кәсіби музыканттардан құралған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: