Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының төртінші курс курсанттары теңіз деңгейінен 3685 метр биіктікте орналасқан "Октябренок" шыңын сәтті бағындырды.
Бұл – тек тауды бағындыру ғана емес, бұл – жауынгерлік рухтың, табандылықтың және еліне деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.