Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

21 Қазан, 22:46 396

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:

№ 630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;

204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.

Астанадан сағат 10:40–та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15–те келеді;

Бурабайдан сағат 14:10–да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00–де келеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: