Республика бойынша шұғыл қызметтің үздік фельдшері анықталды

30 Желтоқсан 2023, 22:19 935

Медицина қызметкерлерінің арасында 2023 жылғы республикалық конкурс нәтижелері бойынша жедел медициналық көмектің үздік фельдшері болып Қанат Маханбетқұлұлы Шәкіров танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Теміртау медициналық колледжін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітіргеннен кейін біздің жеңімпаз еңбек жолын Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының желілік бригадасының фельдшері болып бастады.

Ол 15 жылдан бері науқастардың шақыртуларына барады, әркімге жағдайын тұрақтандыруға көмектесуге тырысады және өмірін сақтап қалған науқастардан өз атына көптеген алғыс естиді.

Осы жылдардың ішінде шұғыл қызметте Қанат Маханбетқұлұлы барлық учаскелерде - фельдшерлік, желілік, педиатриялық бригадаларда және амбулаториялық фельдшер болып жұмыс істеді. Оның жұмысының соңғы бес жылы қарқынды емдеу түрінде, яғни ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін науқастарға  медициналық алғашқы көмек көрсетумен байланысты.

Фельдшер Шәкіров өз ісін жақсы көреді, жас кадрларға шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйретеді және жедел жәрдемнің өте қиын жұмыс күндеріне, үлкен эмоционалдық және физикалық күш-жігерге қарамастан, ол өзінің басқа өмірін, төтенше жағдайдан тыс уақытта елестетпейді.

Берік Арманов
Бөлісу: