Республика азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берді

20 Қараша 2022, 14:14 1319

Қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтіп жатыр

Республика азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 69,32,

Ақмола облысы бойынша – 51,04,

Ақтөбе облысы бойынша – 53,21 ,

Алматы облысы бойынша – 40,85,

Атырау облысы бойынша – 52,56 ,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85,

Жамбыл облысы бойынша – 52,74,

Жетісу облысы бойынша – 52,17,

Қарағанды облысы бойынша – 53,75,

Қостанай облысы бойынша – 53,15,

Қызылорда облысы бойынша – 59,18 ,

Маңғыстау облысы бойынша – 53,40,

Павлодар облысы бойынша – 52,55,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10,

Түркістан облысы бойынша – 76,61,

Ұлытау облысы бойынша – 68,32,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99,

Астана қаласы бойынша – 39,79,

Алматы қаласы бойынша – 24,17,

Шымкент қаласы бойынша – 51,69 пайыз», - деді ол.

Оның дерегінше, жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 113 621 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 51,16 пайызын құрайды.

Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтуде.

EL.KZ
Бөлісу: