Республика азаматтарының 38,55% дауыс берді

20 Қараша 2022, 12:19 1493

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты

Сағат 12.00-тегі жағдай бойынша, республика азаматтарының 38,55 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды El.kz ақапараттық агенттігі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай: Абай облысы бойынша – 43,67,

Ақмола облысы бойынша – 40,13,

Ақтөбе облысы бойынша – 44,48,

Алматы облысы бойынша – 25,83,

Атырау облысы бойынша – 40,42,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55,

Жамбыл облысы бойынша – 44,29,

Жетісу облысы бойынша – 42,18,

Қарағанды облысы бойынша – 44,9,

Қостанай облысы бойынша – 42,876

Қызылорда облысы бойынша – 43,46,

Маңғыстау облысы бойынша – 41,19,

Павлодар облысы бойынша – 44,23,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64,

Түркістан облысы бойынша – 64,21,

Ұлытау облысы бойынша – 52,22,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86,

Астана қаласы бойынша – 19,33,

Алматы қаласы бойынша – 16,89,

Шымкент қаласы бойынша – 34,41 пайыз», - деді ол.

Оның дерегінше, жалпы таңғы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 606 596 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 38,55 пайызын құрайды.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 51 учаскеде жергілікті уақытпен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтуде.

EL.KZ
Бөлісу: