РЕСМИ: ШЕКАРАДА ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫС БОЛҒАН ЖОҚ

22 Қыркүйек 2023, 18:10 817

Әлеуметтік желіге салған видео үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғыны «Ресей мен Қазақстан шекарасында әскерилер арасында қарулы қақтығыс болды» деп салған бейнежазбасы үшін күдікке ілінді. Полицейлер оны «жалған ақпарат таратты» деп айыптап отыр. Құзырлы органдардың мәліметіне сенсек, Қостанай облысының аумағындағы шекарада ондай оқыс жағдай болмаған. Ал істі болып жатқан азамат әскери техникалардың тізбектеліп кетіп бара жатқан сәтін монтаж арқылы «әскери қақтығыс» деп көрсетпек болғанын мойындаған. Әлеуметтік желіде таралған видео қызу талқыға түсіп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «кез келген ақпаратты әлеуметтік желіде бөліспес бұрын оның жалған еместігіне көз жеткізіп алу керек»- дейді.

EL.KZ
Бөлісу: