Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілердің жекелей және жұптық сындағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соған сәйкес еліміздің бірініші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде төртінші сатыға көтерілді. Бұған Рыбакина Римдегі жеңісінен соң қол жеткізіп отыр.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева он саты төмендеп, 61-орыннан көрінді.
Алғашқы үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула.
Ал Анна Данилина жұптық сында 26-орыннан 24-орынға көтерілді.