Алматыдағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навканың шоуына билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты әкімдік те растап отыр.
Іс-шараны өткізу немесе тоқтату мәселесі тікелей шоу өтуі тиіс «Алматы Арена» кешенінің өкілдері мен Татьяна Навка агенттері арасындағы шарттық қатынастар саласына кіреді, - деді әкімдіктің спорт басқармасы.
Сонымен қатар «Алматы Арена» кешенінің концерт бөлімінің әкімшілігі таратқан ақпарат бойынша, ұйымдастырушылар концертті өткізбеуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
«Шахерезаданың махаббат тарихы» шоуы желтоқсанның соңына жоспарланған болатын.
Татьяна Навка – ресейлік мәнерлеп сырғанаушы. Роман Костомаровпен жұптасып 2006 жылғы Олимпиада ойындарында, 2004 және 2005 жылдардағы әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанған.
Ол Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің әйелі.