Ресейлік миллиардердің Қазақстан арқылы жаңа ұшақ сатып алғаны рас па? Министр жауап берді

16 Қаңтар, 12:00 3003

Ақпарат көздерінде ресейлік миллиардер санкцияны айналып өтіп, Қазақстан арқылы жаңа ұшақ сатып алды деген ақпарат тараған еді. Бұл ақпартқа қатысты сауда және интеграция министрі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл ақпаратты БАҚ құралдарынан оқып шыққанын айтты.

Өздеріңізге мәлім, біз тек тұтынушылардың алатын тауарымен айналысамыз. Мұндай әуе кемесін қалай ол сатып алады, қалай тіркеледі, бұл сұрақ біздің құзыретімізге кірмейді. Бұл туралы нақты жауап бере алмаймын, – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан ҚР азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмағанын тілге тиек еткен еді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: