Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан атынан өнер көрсете ме?

4 Тамыз 2023, 20:14 994

Қазақстан конькишілер одағы белгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушының Қазақстан азаматтығын алуына түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАқпараттың» мәліметіне сәйкес, одақ ресейлік мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкинаға Қазақстан құрамасында өнер көрсету жөнінде өтініш жасамаған.

Спортшы азаматтығын өз еркімен ауыстырды. Жалпы Қазақстан азаматтығын беру мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Егер азаматтық берілген жағдайда жеке тұлғаның тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар. Спортшы ұлттық құрамда өнер көрсетуге өтінім беруге құқылы, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар одақ хабарламасында бүгінде ресейлік спортшының азаматтық алу мәселесі қарастырылып жатпағаны айтылған.

Айта кетерлігі, бұған дейін кейбір БАҚ беттерінде ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғаны туралы хабар тараған еді.

Берік Арманов
Бөлісу: