22.09.2022
12:35
1947
Ресейлік блогер: Тіл үйренудегі мақсатым - Президентпен кездесу және қазақша ән айту

Ресейлік блогер: Тіл үйренудегі мақсатым - Президентпен кездесу және қазақша ән айту

Евгений Курчанов есімді вологдалық блогер Алматыға табан тірегелі төрт айдан асқан, деп хабарлайды El.kz

Осы уақыт ішінде орыс жігіті әлеуметтік желіде Қазақстан туралы өз ойымен, көрген-білгенімен бөлісіп келеді.

Сондай-ақ еліміздің банк жүйесі мен такси қызметі де көңілінен шыққан. Ал Алматы маңындағы тұмса табиғат «Швейцарияға бергісіз», - деп тамсанады ресейлік. 

Ұлттық тағамдардан да ауыз тиіп үлгерген Евгений қазақ тілін де үйреніп жүр. Ол дәмхана, мейрамханаларда даяшылардың өзімен тек мемлекеттік тілде сөйлесуін сұрайды. Толығырақ видеодан көріңіздер.