Ресейге заңсыз өтпек болған өзбекстандықтар ұсталды

9 Ақпан 2023, 11:25 934

Бұл туралы ҰҚК мәлім етті

ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекараны заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.

Алайда, Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

EL.KZ
Бөлісу: