Ресейдің туы мен әнұранына Олимпиада ойындарында біржола тыйым салынуы мүмкін

8 Ақпан, 10:33 880

Мәскеу допингке қарсы зертханасының бұрынғы басшысы және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) ақпаратшысы Григорий Родченков Олимпиада ойындарында Ресейдің туы мен әнұранына біржола тыйым салу керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CNN дерегінше, ол Халықаралық олимпиада комитетін Ресей Федерациясының спортшыларын кемінде 10 жылға шеттетуге шақырған.

Олимпиада ойындарында Ресейдің туы мен әнұранына біржола тыйым салынуы керек. Егер ХОК қандай да бір беделге ие болғысы келсе, ол ресейлік спортшыларды кем дегенде 10 жылға шеттетеді, - деді Родченков.

Бұған дейін Спорттық төрелік сот ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін төрт жылға шеттеткен болатын. Тиісінше Ресей 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы алтынынан айырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: